«Cronograf» Халықаралық деректі фильмдер фестивалі Молдовада өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Cronograf» Халықаралық деректі фильмдер фестивалі Молдовада өтеді

26.12.2015
«Cronograf»  Халықаралық  деректі фильмдер фестивалі Молдовада өтеді

OWH Studio ұйымдастыруымен өтетін «Cronograf» Халықаралық деректі фильмдер фестивалі 2016 жылдың 12-18 мамыры аралығында  Молдова астанасы Кишиневте өтеді. Фестиваль жұмыстары төрт секция бойынша қабылданады:

Біріншісі - 2014-2016 жылдары аралығында жарық көрген әлем елдері фильмдерінің секциясы;

Екінші - CadRO -  дүниежүзі  кинематографистерінің түсіруімен жарық көрген румындар туралы фильмдер секциясы;

Үшінші - Молдова кинематографистері үшін:

Төртіншісі - шетелдік кинематографистердің Молдова туралы туындылары мен жасөспірімдерге арналған қысқаметражды фильмдер секциясы.

Байқауға қатысу үшін өтініштер 15 қаңтарға дейін қабылданады.

 

ijnet.org

Хабарламаларға жазылу