Шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау - қалалық әкімдік жұмысының басым бағыттарының бірі. 2015 жылы Астанада «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 12 млрд теңгені құрайтын 67 жоба мақұлданды. Биыл 2,9 млрд теңге бөлінді (2014 жылға қарағанда өсім 38 пайыз), қаржы 100 пайыз игерілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыра бастағалы жалпы сомасы 84,5 млрд теңгелік 480 жобаға қолдау көрсетілді. Соның нәтижесінде қалалық кәсіпорындарда 8 мыңнан астам қазіргі жұмыс орны сақталып, 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды (соның ішінде 2015 жылы 500 астам), бюджет кірісіне 16 млрд теңге салық төлемі жасалды.
2015 жылы несие бойынша сыйақыны субсидиялауға 1-ші және 3-ші бағыттар бойынша жалпы сомасы 11,9 млрд теңгенің 64 жобасы, несиелерді жартылай кепілдендіру бойынша 1,1 млрд теңгенің 35 жобасы мақұлданды. Жыл қорытындысы бойынша жетіспейтін инфрақұрылымды салуға 81,8 млн теңгенің үш жобасы келісілді. Гранттық қаржыландыру бойынша 15 млн теңгенің 5 жобасы мақұлданды.
Бұдан басқа, елордада шағын және орта бизнеске қосымша қолдау көрсету және дамыту мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бірлесіп жаңа екі бағдарлама қолға алынды. «Астана қаласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру» бағдарламасы бойынша 1,5 млрд теңге бөлінді. Жоба франшиза тартумен, ритейлдік желілерді (супермаркеттер, гипермаркеттер) дамытумен және модернизациялаумен, қоғамдық тамақтану пункттерімен байланысты жобаларды қаржыландыруға бағытталған. Пайыздық сыйақы мөлшерлемесі 7,6 пайыздан аспайды. Бір кәсіпкерге берілетін максималды сома – 200 млн теңгеге дейін. Қазіргі кезде бағдарламаға қатысушы банктерден бөлінген қаржының 60 пайызға жуығын игерді.
Екінші бағдарлама жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған. «Astana – ZhasStarT» бағдарламасына 29 жасқа дейінгі тұлғалар қатыса алады. Салалық белгілер бойынша шектеу қойылмайды, пайыздық мөлшерлемесі – 7 пайыз. Несиенің ең көп мөлшері бір несие алушы үшін (СМСП) – 20 млн теңге. Үстіміздегі жылдың қазан айынан бастап қатысушы банктер бөлген қаржының 30 пайызы игерді. Аталған бағдарламаларды жүзеге асыру 2016 жылы жалғасын табады.