Әсет Исекешев Қазақстанның инвестициялық омбудсмені болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әсет Исекешев Қазақстанның инвестициялық омбудсмені болып тағайындалды

30.12.2015
Әсет Исекешев Қазақстанның инвестициялық омбудсмені болып тағайындалды

Қазақстан Республикасының инвестициялық омбудсмені болып Әсет Исекешев тағайындалды. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №1071 сәйкес қаулысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қол қойды.

«2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 314-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Әсет Өрентайұлы Исекешев инвестициялық омбудсмен болып тағайындалсын.

2. «Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы №32 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015., №3, 16-құжат)», - делінген құжат мәтінінде.

Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Хабарламаларға жазылу