2015 жыл Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өтумен ерекшеленді. Бұл айрықша мерекені тойлауға еліміздің барлық азаматтары қатысып, республика бойынша 700-ден астам түрлі шаралар ұйымдастырылды. Бұл шараларды айқындаумен отандық және шетелдік БАҚ айналысты. Мерейтойлық іс-шараларды насихаттау жұмысына әлеуметтік желі қолданушылары да белсенді қатысты, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанның бас блогерімен кездесу барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгінгі таңда әлеуметтік желілер бейресми бұқаралық ақпарат құралдарының ролін атқарып жатқандығына тоқталып кетті. Олар түрлі жаңалықтарды халықтың кең топтарына қолжетімді етіп, оларды қарапайым және барлығына түсінікті етіп жеткізеді.
«Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараларды айшықтауға қатысқан еліміздің барлық блогерлеріне шексіз алғысымды білдіремін. Жыл бойы блогерлер жеке парақшаларының беттерінен бүкіл әлемге ұлттық тарихымыз, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміз туралы баяндау және мыңдаған жазылушыларымен фотосуреттермен бөлісу арқылы қоғамда патриоттық сезімдерімен өз елі үшін мақтаныш сезімін ұялатуға атсалысты», - деді министрлік басшысы.
Сонымен қатарғ Жанна Ильичева, Аршат Ораз, Арыстанғали Санзызбаев және Серік Мәмбетов секілді қазақстандық блогерлер естелік мерейтойлық медальдармен марапатталды.