С дәрумені туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

С дәрумені туралы не білесіз?

31.12.2015
С дәрумені туралы не білесіз?

 

Дәрумендер адам ағзасына өте қажет. Күн сайын ағза түрлі тағамнан С дәруменін алуы керек. Аталған маңызды дәрумен  күрделі реакция кезінде жұмсалады.

С дәрумені көп мөлшерде итмұрын мен барбадос шиесінде кездеседі.  Ал, тәуліктік мөлшерін бір киви жеу арқылы алуға болады.

Алайда бұл дәрумен жеміс-жидектің қабығында болатындықтан, оны қабығымен бірге тұтынған жөн, дейді мамандар.

Сондай-ақ, дәрумен ақжелкенде, цитрустарда, қара қарақат және қызыл түсті болгар бұрышында көп  кездеседі. С дәрумені орамжапырақта да болатынын ұмытпаған жөн. 

Хабарламаларға жазылу