Студенттерге арналған ең әдемі жатақхана - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттерге арналған ең әдемі жатақхана

01.01.2016
Студенттерге арналған ең әдемі жатақхана

Өзі тұрмаса да достарымен бірге уақыт өткізгені. Қысқасы, жатақхананың қандай болатынын кез-келген адам біледі. 

Дания астанасы Копенгаген қаласында барлық жағдайлар жасалған жатақхана орналасқан. Мұндай ғимаратты жатақхана деп айтудың өзі қиын. Тиетген –домалақ формалы, үлкен ауласы бар студенттік қалашық. Ол 2006 жылы салынған. Ғимараттың аумағы 26 800 шаршы метр. 7 қабатты ғимаратта 360 бөлме бар. Ғимараттың өзі цилиндрлік формада және бес вертикальды сызықтармен қиылысады. Бұл сызықтар ғимаратты секцияларға бөліп тұрады.

Ішінде студенттер кез-келген уақытта еркін қолдана алатын сканер, көшірме машина тұратын оқу залы бар. Сонымен қатар, компьютер мен принтер қойылған бөлме бөлек. Әр бөлме 26-33 шаршы метрді құрайды. 30 бөлме екі жатын бөлмеден тұрады. Бұл бөлмелер жұптарға арнайы жасалған. Олардың аумағы 45 шаршы метрді алып жатыр. Барлық бөлмеде үлкен терезе, жуынатын бөлме және дәретхана бөлек орналасқан. 60 бөлме тәжірибе алмасу мақсатында келген оқушыларға арналған.

Ғимаратта 30 ас бөлмесі бар, яғни 12 бөлмеге  1 ас дайындайтын орын. Әр ас бөлмеде 2 плита, 4 тоңазтқыш және ас ішетін бөлме бар. Ас дайындауға қажетті барлық ыдыс-аяқпен қамтамасыз етілген.

Хабарламаларға жазылу