Жаңа жылдық шырша туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа жылдық шырша туралы не білесіз?

03.01.2016
Жаңа жылдық шырша туралы не білесіз?

Алғашында Жаңа жыл қарсаңында үйге тек қарағай немесе шырша бұтағын орнатқан. Бертін келе бүтін бір ағашты сәндеп қою дәстүрге айналған.

Алғашқы жаңажылдық шырша француздық ауданның бірі – Эльзаста орнатылған. Бұл оқиға, шамамен, 1600 жылдары болған.  Алғашқы шыршаны қағаздан жасалған  раушан гүлдерімен сәндеген.

Германияда 1737 жылдан бастап шырша жылтырақ заттар және қағаз қиындыларымен безендіріле бастаған.

Ал, 38 жылдан кейін шыршаны алтын немесе күміс жалатылған картоппен сәндей бастаған. Сол жылдары Еуропада картоп сирек кездесетін көкөністердің бірі болған.  

1815 жылдары адамдар шыршаға жанып тұратын шырақ ілген. Ал, шыныдан жасалған ойыншықтар  1850 жылдары шыққан. Дегенмен, жаңажылдық шыршаға арналған  мұндай ойыншықтар XVI ғасырда Саксонияда жасалған екен. 

Бүгінгі таңда шыршаға шыны мен пластиктен жасалған шарларды ілу сәнге айналған.  Ал, кейбір отбасы шыршаны ойыншықтармен безендірмейді. Одан «тропикалық шырша» жасап, киви және мандариндер ілуде жөн көреді.

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді 

Хабарламаларға жазылу