![Елена Әбдіхалықова – «Доспен қоштасу» (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_56150.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жайықтың асау толқыны жасып,
Жылайды үнсіз жағалау.
Қараша қазым шарқ ұрып асып,
Шығандап ұшып бара ма-ау?!
Қайырмасы:
Мәңгілікке кеткенің бе,
Сен! Шынымен, дос?!
Қалды-ау күзің, көктемің де
Кең дүнием бос!
Беу! Өмір осы ма-ау?!
Қайран досым- ау!
Қош енді, қош!
Жанарымда ұйып, ұғысқан арман,
Сапарлас еді сенімен.
Гитараңды алып бұрышта қалған,
Бауырыма басып, егілем!
Қайырмасы:
Мәңгілікке кеткенің бе,
Сен! Шынымен, дос?!
Қалды-ау күзің, көктемің де
Кең дүнием бос!
Беу! Өмір осы ма-ау?!
Қайран досым- ау!
Қош енді, қош!
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елена Әбдіхалықова – «Доспен қоштасу» (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/105607/)