Далап таңдай аласыз ба? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Далап таңдай аласыз ба?

03.01.2016
Далап таңдай аласыз ба?

Әлемде ерін далабы ең көп сатылатын косметика болып есептеледі. Бүгін назарларыңызға  далап туралы қызықты ақпараттар ұсынамыз.

  1. Кез келген ылғалдандыратын далаптың құрамында  раушан және ара балауызы сынды компоненттер болуы керек. Сондай-ақ, бадам, какао майы да болғаны жөн.

 

  1. Жасанды заттардан тұратын далапты ажырату – оңай. Мұндай косметикалық затты қолданған соң, ерін құрғап, жарылады. Құрамында  глицерин мен вазелин болмайтын далап сатып алған жөн. Өнімнің құрамында мұндай заттар болса да, тізімнің  соңында тұруы тиіс.

 

  1. Егер ерніңізді визуалды түрде үлкейткіңіз келсе, ментол қосылған  далап қолданған  жөн. Мұндай косметикалық өнімдерде жалбыз бен ментол майы болады.

 

  1. Ерін далабы әйелдердің  өз-өзіне деген сенімділігін арттырады.  Ғалымдар осыған қатысты зерттеу де  жүргізген. Нәтижесінде күнделікті далап пайдаланатын қыз-келіншектердің келбеті әдемі болатыны анықталған. Сондай-ақ, далап қолданатын әйелдер омыртқа ауруларына сирек шалдығады екен.

 

  1. Қыз-келіншектер өмірінде 4,5 келі шамасында далап жейді.

 

  1. Далапты тек 1,5-2 жылға дейін сақтауға болады. Ал, оның герметикалық қаптамасы  ашылған жағдайда 5-6 ай ғана қолдану керек. Егер далаптың иісі өзгерсе, косметикалық өнімді ауыстырған жөн. Мерзімі өтіп кеткен далапты пайдаланса,  ерін жарылып, қызарып кетуі мүмкін.

 

  1. Жылтырақ далаптар ультракүлгін сәулелерінен қорғамайды. Ол үшін  арнайы күн көзінен қорғауға арналған косметикалық өнімдерді пайдалану керек.  

 

  1. Далаптың тазалығына ерекше мән берген жөн. Бұрап ашылатын құтыдағы өнімге бактериялар оңай түседі. Ал, иісмай сияқты далаптар нағыз гигиеналық зат болып есептеледі. Сонымен қатар, ерінге далапты тек бір рет қолдануға жарайтын қалақшамен жаққан дұрыс.

 

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді. 

ФОТО: www.make-it-up.ru

Хабарламаларға жазылу