Назарларыңызға сапалы мандарин таңдау жолдарын ұсынамыз:
1.Жеміс қабығының қауіптілігі.
Жемісті жемес бұрын жуған жөн және оны тіспен тазалау гигиенаға сәйкес келмейді. Себебі мандариннің қабығы микробтарға толы. Мандарин жемісін тасымалдаушылар оны этиленмен қаптайды, ал этилен улағыш заттар қатарына жатады. Ондай мандариндер жабысқақ болып келеді.
2. Мандариннің сыртқы пішіні.
Жемістің сыртқы бөлігінде жасыл дақтар болуы оның сапасыз екенін аңғартады. Ал, егер жемістің қабығы фунгицидпен залалсыздандырылған болса жылтыр рең береді. Ол жемісті саңырауқұлақтардан сақтайды. Алайда,
фунгицидтің көп мөлшерде жағылуы ішкі ағзаға зиянын тигізуі мүмкін. Ал, табиғи мандариннің қабығы бұжырлау болуы тиіс.
3.Мұздатқышта қатырылған мандарин жемісін тұтынбаған жөн. Жемісті ұстап көрген сәтте сулы болса, ол оның қатырылғанын білдіреді.
4. Жеміс сыртында кездесетін шыбын құрты. Қосқанаттылар отрядына жататын шыбын жәндігі жеміс-жидектер мен көкеністердің қабығымен қоректенеді. Жемістің бүлінген жерінен шыбын құртының қалдықтарын байқауға болады. Осындай бұзылған мандаринді жеу паразиттер арқылы тамақ улануына әкеп соқтырады.
Ал,жемістің цитрустық иісі сапалы екендігін білдіреді.