- Құрғақ тері
Адам терісі - ішкі ағзаның көрінісі. Егер тері құрғақ болса, бұл - ағзаға су жетіспеушілігімен байланысты.
- . Ауыздың құрғауы
Ауыз қуысының құрғауы – ағзаға су қажет екенін білдіретін алғашқы белгілердің бірі. Мұндай кезде шөлді шәй, газдалған сусын немесе тәтті шырынмен басуға болмайды.
- Кейде қатты шөлдеу
Кейде қанша су ішсеңіз де, шөліңіз басылмайтын болса, сіздің ағзаңыз құрғап кеткен. Бұл тек қана ауыз қуысының құрғауы емес, ағзаның да құрғағағанын білдіреді. Мұндай кезде ағза тек су сұрайды. Әсіресе алкоголь ағзаны қатты құрғатады.
- Зәр мөлшері азайып, түсі қоюланады
Әр адамның ағзасы әртүрлі болғандықтан, қалыпты жағдайды анықтау қиынға соғады. Егер зәрдің өзгергенін байқасаңыз, қаншалықты су ішетініңізге назар аударыңыз.
- Көздің құрғауы
Егер көз құрғап, аздап қышып, қанталап кетсе, су ішу қажет. Ағзаға су жеткіліксіз болса, көз жасы жолдары құрғайды. Бұл көзге зиянын тигізеді. Мұндай белгіге линза тағатындар аса мән бергені жөн.
- Тамыр соғысы мен жүрек қағысы жиілесе
Қанайналым жүйесіндегі қан суын жоғалтса, көлемі азайып, баяу айналады. Салдарынан жүрекке салмақ түсіп, қанайналым бұзылады, ағза қажет мөлшерде оттегі ала алмайды.
- Буын ауырса
Көпшілікті, әсіресе егде тартқан адамдарды буын ауруы мазалайды. Кейбіреулерде бұл жүгірген соң немесе секіргеннен кейін пайда болады.
Ағзадағы су мөлшері жеткіліксіз болса, адам аурушаң болады.
- Ас қорытудың бұзылуы
Ауыз қуысының шырышты қабатын үнемі ылғалдандыру керек. Бірақ бұл асқорыту жүйесіне де тікелей байланысты.
Егер шырышты қабат ылғалдандырылмаса, асқазан қыжылдап, қызметі бұзылады.
- Шаршау және ұйқышылдық
Ағзаға су жетіспесе, оны қаннан алады. Бұл оттегі тапшылығына әкелуі мүмкін. Адамның шаршап, ұйқышыл болуы да сондықтан.
Интернет материалдары бойынша әзірленді