115, 117 және 118 элементтердің ашылуын жариялау мәртебесі Дубнадағы ядролық зерттеулер бірлескен институты мен Калифорниядағы Ливермор ұлттық зертханасы және Теннесидегі Окрид ұлттық зертханасындағы ресейлік және американдық ғалымдар командаларына берілді.
113-элементті Жапонияның жаратылыстану ғылымдары институтының ғалымдары ашты. Осыған орай, элемент жапониялық атауға ие болды. Ал, өзге элементтердің атауларын оларды алғаш ашушылар 5 ай көлемінде береді. Бұдан соң оны құзырлы орындар арнайы бекітеді.
Барлық жаңа элементтер жасанды түрде синтезделген. Әдетте табиғатта атомдық нөмірі 92-ден аспайтын элементтердің бар екендігі байқалған. Ал, протондары 93-тен 100-ге дейінгі аралықтағы элементтерді бөлшектерінің үдеткіштігі 100-ден жоғары реакторларда ғана алуға болады.
Тұрақты кесте соңғы рет 2011 жылы толықтырылған. Ол кезде 114-ші және 116-шы элементтер енгізілді. Олар флеровий және ливерморий деп аталды, деп жазады lenta.ru.