Жыл басы қытайлықтар үшін жағымсыз жаңалықтармен басталды. Shanghai Composite индексі рекорттық деңгейге дейін түсіп, Қытай қор биржасы құлдырап, сауда – саттық тоқтап тұр.
Shanghai Composite сауда - саттығы 5 пайызға төмендеп, Шанхай биржасы 15 минутқа тоқтаған. Соның өзінде индекстің құлдырауы 6,9 пайызды құрап, 3296, 66 пунктке шығын келген. Бұл Қытай елінің қаржы нарығында бұрын-соңды болмаған төтенше оқиға деп баға берді мамандар.