Облыс спортшылары былтыр жыл басынан бері бірқатар спорт түрлері бойынша ҚР чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 396 алтын, 377 күміс, 340 қола медальға қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында 76 алтын, 52 күміс және 55 қола медальге ие болған. Ал, Әлем чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары 47 алтын, 21 күміс және 21 қола медаль жеңіп алған.
Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс аумағында 2015 жылы 500 мыңға жуық адам қамтылған 4567 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілген. Ал, облысымызда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 632 566 адамды құрайды. Өңірде бүгінде 5178 спорт нысандары жұмыс істейді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі