Американдық Apple компаниясының өкілдері биылғы жылдың алғашқы тоқсанында (қаңтар-наурыз) iPhone байланыс құралының iPhone – iPhone 6s - iPhone 6s Plus үлгілерінің шығарылымын алдын ала жоспарланған межеден 30 пайызға азайтпақ.
Бұл туралы сәрсенбі күні Жапониялық іскерлер басылымы Nikkei жазды. Apple компаниясының 10 фотосы галереясы өзінің жаңа өнімерінің тұсаукесерін жасады. Онда iPhone 6s - iPhone 6s Plus үлгілерінің шығарылымы бұрынғы көлемде қалдырылмақ болғандығы айтылған. Алайда, әлем бойынша бөлшек саудадағы сатылым көлемінің азаюына байланысты iPhone смартфондары көптеп жиналып қалған.
iPhone смартфондарының соңғы үлгілерінің шығарылу көлемін азайту, оның осыған дейінгі үлгілерінің сатылып кетуіне ықпал етеді.
Nikkei басылымының жазуынша, бұл шешім Apple мен оның бөлшектерін тасымалдаушы жапониялық және кореялық компаниялардың қызметіне кері әсерін тигізеді.
Байланыс құралдарының шығару көлемін қысқарту жөніндегі ақпараттар тараған соң, Apple компаниясының акциялары Нью-Йоркте 2,8 пайызға төмендеп кетті, деп жазады ТАСС.