Еліміз бойынша әрбір бесінші бала демографиялық өсімі жоғары Оңтүстік өңірде туылады екен. Ал, 2015 жылы облыс бойынша 80 мыңға жуық нәресте дүниеге келген.
Айта кетейік, 31 желтоқсаннан 1-ші қаңтарға қараған күні перзентханаларда 233 сәби жарқын дүние есігін ашты. Оның ішінде 130-ы ұл бала болса, 103-і қыз баласы.
Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда, 11 балаға артық, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.