Бұл мақсатта Азия даму банкімен келісімдер жасалды. Соның нәтижесінде онда инфрақұрылымдар тарту басталмақшы.
Ол Қызылорданың даму жоспарына сәйкес жүргізіледі. Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту арқылы жаңа үлгідегі қала салынады деген жоспар бар. Осы бағытта Мұратбаев көшесінен дарияның екі жағалауын жалғастыратын автокөлік көпірінің құрылысы жалғасатын болады. Оған 687,5 млн. теңге бөлініп отыр. Сол жағалауды дамытудың түбегейлі жоспарлау жобасының көлемі 1 мың 552 гектарды құрайды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жоба бойынша алғашқы кезекте жүзеге асырылатын 500 гектар аумаққа әкімшілік ғимараттар мен түрлі мақсаттағы әлеуметтік нысандар салынбақшы. Мамандар облыс орталығының жаңа бөлігі шығыстық үлгіде дами түседі дегенді айтып отыр.