Қазақстанда вакцинациялау шаралары кең көлемде жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда вакцинациялау шаралары кең көлемде жүргізілуде

08.01.2016
Қазақстанда вакцинациялау шаралары кең көлемде жүргізілуде

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Халықты иммундау мақсатында дифтерия, көкжөтел, сіреспеге қарсы иммунитетті жасау үшін кешенді вакцина қолданылады. Вакциналау Қазақстанның Ұлттық екпе күнтізбесіне сай  2 айдан бастап 60 жасқа дейін жасалады. Айта кетерлігі, дифтерия - ағзаның барлық мүшелері мен жүйесін зақымдайтын, ауыр түрде өтетін жұқпалы ауру.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын Қазақстанда жұқпалы ауруларға қарсы 5 млн-ға жуық адам, оның ішінде 1 млн 300 мың бала егіледі. Халықты вакциналау 21 жұқпалы ауруларға қарсы Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес тегін жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу