Жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков 1942 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген.
Қазақстан Республикасы Телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте, Қазақ энциклопедиясында, «Жұлдыз» журналында, «Жалын» баспасында қызмет етті.
Қазақ теледидарының бас редакторы, «Жазушы» баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болды.
Қаламгердің алғашқы әңгімесі «Жолда» 1963 жылы «Замандастар» атты жинақта жарияланды. «Бекет», «Ащы бал», «Мазасыз күндер», «Қара шаңырақ», «Тіршілік», «Ай-Петри ақиқаты», т.б. кітаптардың, бес томдық шығармалар жинағының авторы.
Драма жанрындағы жиырмадан аса шығармасы республикалық театр сахналарында, Санкт-Петербург, Омбы қалаларындағы театрларда қойылды. Көптеген повестері мен әңгімелері шетел тілдеріне аударылды. Жекелеген туындылары бойынша көркем фильмдер түсірілді.
Жазушының өмірі мен отбасы туралы бүгін 09:00-де «Сенбілік таң» отбасылық-танымдық бағдарламасынан біле аласыздар.