Банан жемісін таңдау және дұрыс сақтау жолдары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банан жемісін таңдау және дұрыс сақтау жолдары

09.01.2016
Банан жемісін таңдау және  дұрыс сақтау жолдары

Жеміс мәйегі белсенді биологиялық заттар мен дәрумендерден тұрады. Банан жемісінің сапасын сырты қабығының тазалығына қарап аңғаруға болады. Сондай-ақ, жемістің түсі мен иісі, көлеміне де мән беріледі.

Банан сұрыпын жемісіне қарап ажыратады. Егер банан көлемі 15 сантиметрден кем болмай, сыртқы қабығында 20 пайыз көлемінде  қара дақтар байқалса бұл бананның бірінші сұрыпына жатады. Ал, бананның екінші сұрыпының көлемі кіші, қара дақтар сыртқы қабығының жарты бөлігінде болады.

Кесілген банандар 1 ай көлемінде сақталу керек. Сонымен қатар, піскен банан жемісі ауасы тазартылған +12 градус температура мен  ауа ылғалдылығы 80 пайыз болатын  ғимаратта сақталады. Жемістің пісуін баяулату үшін температурасы 22 градус, ауа ылғалдылығы 95 пайыз болатын жерге қойған дұрыс.

Егер температура күрт көтерілсе жемістің сыртқы қабығында дақтар пайда болып, мәйегі жұмсара түседі. Жемісті 12 градустан төмен температурада сақтамаған жөн. Себебі олар қатып, тез қарайып кетуі мүмкін.

Хабарламаларға жазылу