10 қаңтар - Лондонда әлемдегі ең алғашқы метро желісі ашылған күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 қаңтар - Лондонда әлемдегі ең алғашқы метро желісі ашылған күн

10.01.2016
 10 қаңтар - Лондонда әлемдегі ең алғашқы метро желісі ашылған күн

1863 жылы 10 қаңтарда Лондонда әлемдегі ең алғашқы метро желісі ашылды. «Metropolitan Railway» фирмасы салған метрополитен желісінің ұзындығы 3,6 шақырымды құрады. Қашықтық бойынша 8 станция орналасты.

Көліктің жаңа түрін пайдаланушылар саны өте көп болған. Ашылған күні-ақ оның қызметін Ұлыбритания астанасының 30 мың тұрғыны пайдаланған.

Лондон метросы - әлемдегі ең көне және ірі метро саналады. Метрополитен 6 тарифтік аймаққа бөлінген. Кесіп өтетін аймақтар санына байланысты билет құны да құбылып отырады.

Бүгінде аталмыш метро жылына миллиардқа жуық жолаушы тасымалдайды. 

Хабарламаларға жазылу