Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады (көбінесе қар). Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлады ҚР ТЖК баспасөз қызметі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, түнде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25м/с, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, күндіз көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23м/с болады.
Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ жел 15-23 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында тұман, жел 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ байқалады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Атырау, күндіз Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысында тұман, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с болады.
Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, күндіз желдің екпіні 15-20 м/ болады.