Германия қазақ-еуропа ыңтымақтастығының нығаюын құптайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия қазақ-еуропа ыңтымақтастығының нығаюын құптайды

11.01.2016
Германия қазақ-еуропа ыңтымақтастығының нығаюын  құптайды

Кездесуде тараптар Қазақстан мен ГФР арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерінің аралық қорытындысын шығарып, сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту және осы жылғы ГФР ЕҚЫҰ-да төрағалығы аясында өзара ықпалдастықтың болашағын талқылады.

Қазақстандық дипломат неміс тарапын 2015 ж. желтоқсан айында өткен ЕО Сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могеринидің Астанаға сапары, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойылғандығы, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды реттеудегі жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарына (ЖҚБІЖ) Қазақстанның үлесі туралы хабарлады.

А. Пешке қазақстандық-еуропалық келісімге қол қойылғандығын құптап, аталған құжат ҚР мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарының барлық маңызды бағыттары бойынша екіжақты ыңтымақтастықты принципті жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді.

Неміс тарапы еліміздің ЖҚБІЖ жүзеге асыруына қатысуының маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның жаппай ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы рөлін баса айтты, деп хабарлайды еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу