Алдағы үш тәулікте ауа райы күрт өзгереді. Каспийдің оңтүстігінен соққан циклон елдің оңтүстік өңірлеріне ылғалды қар жаууына ықпал етіп, ауа температурасы біршама төмендейді.
13-14 қаңтар аралығы жауын-шашынсыз болады және күн жылына түседі. Солтүстік, орталық және шығыс аудандарға Оралдан жеткен циклон арқылы келген атмосфералық ағымдар әсер етеді.
Алайда, циклон мен ағымдардың шығысқа, яғни тылға қарай жылжуына байланысты күн қайтадан суыта бастайды. Сол себепті, солтүстік, орталық пен елдің шығысындағы жылымық лезде суық ауа райымен алмасады, деп хабарлайды Қазгидромет.