Бүгін – Әбілхан Қастеевтің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Әбілхан Қастеевтің туған күні

14.01.2016
Бүгін – Әбілхан Қастеевтің туған күні

Ол қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған ұлттық сурет өнерінің алғашқы шеберлерінің бірегей тұлғасы. Ол кескіндемеші-график ретінде де белгілі. Суретші Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Амангелді Иманов, Кенен Әзірбаев портреттерін бейнелеу арқылы ұлыларымыздың өшпес тұлғасын кескіндеді.

Ол кезде сурет мектебі түгіл, өнер орталығы да жоқ еді. Бірақ, бала Әбілханның құмға сызған суреттері оны алыс арманға жетеледі. Алайда, сурет салу еріккеннің ермегі саналып, діни тұрғыдан да тыйым салынған болатын.

Қылқалам шебері сөзбен жеткізе алмаған идеяларын сурет арқылы бейнелеп көрсететін. Ол өзін түсінуі, дербес пікірі, жеке стиль деген құқығын ұстанатын.  Суретке келген нәзік реңктерді дәл тапқанымен, сыншылармен дұрыс қарым-қатынас таба алмайды.

Қастеевтің атағы дүрілдеп шыққанымен, бір рет те шетелде болмапты. Сол кезеңде оны ешқайда шығармаған.  Қазақстанның Халық суретшісін неге елден шығармады? Өзінің құпия құжатында Қастеев бір кездері жасырынып, Қытай асқан болса керек. Сол кезде шекарашылар қолға түсіріп, лагерге қамап, адам жаны төзгісіз жұмыстар істетеді.

Онда бір жылға жуық болып, соңында елге қашып келеді. Бірақ, суретші ол туралы ешкімге тыс жармайды. Үкімет басшылары осы жайтты себеп қылып, Халық суретшісінің шығармашылығына тоқтау салып отырады.

Алайда, ол қарсылығын суреттерінде құпия түрде көрсетіп отырған.  Бұл туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу