«Таңшолпанда» - «Іңкәр жүрек» телехикаясының актерлері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - «Іңкәр жүрек» телехикаясының актерлері

14.01.2016
«Таңшолпанда» - «Іңкәр жүрек» телехикаясының актерлері

«Іңкәр жүрек» - екі жастың арасындағы махаббат туралы туынды. Екеуінің де бойында көшбасшылық қасиет бар.  Екеуі де тұлға. Алғашқыда бірін-бірі мойындай алмай, бірі қалаға кетемін дейді, бірі ауылда қаламын дейді. Сол жолда түрлі қиындықтармен күреседі»,-дейді актер Жанат Тыныбаев.

 Ал, Гүлшарат Жұбаева: «Бұл – көрермен күткен мағыналы туынды болады деген ойдамын.  Әрбір қазақ қызына, әйелге алдына мақсат қоюға, қиыншылыққа мойымай, сол мақсатқа жетуге деген талпыныс береді. Шын мәнінде режиссердің алғашқы туындысы болғанына қарамастан, түсірілім кәсіби деңгейде өтті»,-дейді.

«Кастингке келгендегі қойылған алғашқы талап – шынайылық. Образдың сәтті шығуы серіктесіңе байланысты. Серіктесің мықты болса, рөлді алып шығу оңай. Біз бір-бірімізге біраз көмектестік»,-дейді актерлер.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу