Оңтүстік Қазақстан облысында дубайлық инвесторлар ет өңдеу зауытын салмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында дубайлық инвесторлар ет өңдеу зауытын салмақ

14.01.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында дубайлық инвесторлар ет өңдеу зауытын салмақ

Жалпы құны 30 млн. АҚШ долларын құрайтын жоба аясында дубайлық инвесторлар 20 мың бас мүйізді ірі қараға арналған бордақылау алаңы мен  жылдық қуаттылығы 5 мың тонна болатын ет өңдеу зауытын салмақшы, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде жобаны жүзеге асырудың шарттары мен егжей-тегжейлі тетіктері Оңтүстік Қазақстан облысының жетекшілігі деңгейінде талқыланып, Бәйдібек ауданынан 17 мың мал жайылымдық жер мен 2 мың гектар суармалы жер, сондай-ақ, зауыт салу үшін аудандағы индустриялды аймақтан 5 гектар жер телімі бөлінгелі отыр.  

Жобаның ерекшелігі сол, мұнда өндірілген ет «халал» стандартына сәйкестендіріліп, оның басым бөлігі мұсылман елдеріне экспортталмақ. Бұл ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, оның ішінде қарапайым шаруаларға өз өнімдерін тұрақты түрде қымбат бағада экспорттауға мүмкіндік береді. 

Айта өтейік, Біріккен Араб Әмірлігінде тіркелген «AMK METAL FZCO» компаниясы 20 жылдан бері «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-мен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын. Аталмыш компания Теміртау металлургия компаниясынан жыл сайын жалпы сомасы 400 млн. АҚШ  долларын құрайтын өнім сатып алады.

Хабарламаларға жазылу