Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы жұмысына ҚР Білім және ғылым, Әділет, Инвестициялар және даму министрліктерінің, заң шығарушы және атқарушы органдардың өкілдері, Республикалық үйлестіру кеңесінің қосымша білім беру ұйымдары басшылары мен мүшелері қатысады.
Республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы аясында ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту мәселелелері бойынша дөңгелек үстел және әлеуметтік-педагогика бағытындағы семинар ұйымдастырылады.
Онда «Мәңгілік Ел» ұлттық идея мен Ұрпақ+» жобалары аясында қосымша білім берудің мазмұнының жаңартылуы, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің есебінен мектептен тыс ұйымдар мен балалардың қосымша білім алу қатырын ұлғайту мақсатында әкімшіліктермен бірлескен қосымша іс-шаралары, кәмелет жасқа толмаған балалардың сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында әлеуметтік мәселелер бойынша бағдарламалар әзірлеудің қажеттілігі сияқты өзге де бірқатар мәселелер қаралады, деп хабарлайды Білім және ғыдым министрлігінің баспасөз қызметі.