«Іңкәр жүрек» телехикаясын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Іңкәр жүрек» телехикаясын көріңіз

17.01.2016
«Іңкәр жүрек» телехикаясын көріңіз

Шалғайда тұратын қарапайым Сәуле есімді бойжеткеннің алға қойған мақсаты зор, ол өзінің өмір сүру деңгейінің өзгеше болуы керек екенін біледі. Алайда, оның бұл көзқарасы сүйіктісі Әлібектің пайымымен мүлдем сәйкес келмейді.

Жігіті ессіз әрекет жасап, бойжеткен ауылдан безіп кетеді. Сүйіктісі көңіліне кірбің түсірген соң, Сәуле үлкен қалаға арман қуып кетеді. Алайда, оған үлкен қаладағы тіршілік ұнар ма екен?

Сәуле аңсаған арманына жету үшін махаббатынан бас тартты, тағдырдың тәлкегіне шыдауға тура келеді...

Іңкәр сезімін құрбан еткені бекер екенін түсіну үшін Сәулеге қанша уақыт керек болар екен?

Хабарламаларға жазылу