Ұлттық арна эфирінде «Іңкәр жүрек» атты жаңа отандық телехикая көрермендерге жол тартты. Туынды сюжет желісіне қарапайым ауыл қызының тағдырын арқау еткен. Сериалдың басты рөлін актриса Гүлшарат Жұбаева сомдайды.
Гүлшарат Жұбаева – балетмейстер, таэквондодан спорт шебері және тұрмыстық бұйымдар дизайнын жасайтын шебер.
Ол әуелде «Шабыт» атты биші қыздар тобына сахналық киімдер тігетін. Бүгінде кәсібінің ауқымы кеңейді. Жаңа технология бойынша ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендірілген жиһаз жапқыштар мен терезе перделерін тігумен айналысып жүр.
«Бұл істі әрбір бұйымымыздан қазақылықтың иісі аңқып тұрса деген мақсатпен бастадым», дейді шебер. Осылайша, бүгінде 50-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.
Көпқырлы талант иесі туралы толығырақ «Таңшолпаннан» тамашалаңыз.