Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, бұрқасын болады.
Сондай-ақ, тұман түседі, көктайғақ, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қостанай, Ақтөбе облыстарында тұман, жаяу бұрқасын күтіліп, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 18-23 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, түнде кей жерлерінде көктайғақ болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында түнде тұман күтіліп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с.-қа жетеді.
Қарағанды облысында тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде желдің 15-22 м/с күшеюі күтіледі.
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.