Қазақстанда автобөлшектер бағасы қымбаттайды. Бұл туралы еліміздің Энергетика министрлігі мәлімдеді.
Себебі шетелден әкелінетін қосалқы бөлшектердің барлығы доллармен сатып алынады. Оған қоса, елімізге импортталатын көліктерге «Еуро-5» стандарты енгізілді. Шетелден әкелінетін авто бөлшектерге жеке кәсіпкерлер де өз үлесін қосады. Сарапшылардың болжамынша, қосалқы бөлшектердің бағасы бірнеше есеге артуы мүмкін.