Астана қаласында орналасқан «Аналар үйінде» 25 жас ана тұрып жатыр. Мұндағы ең жас ана - 14 жаста. Өткен жылы қала бойынша кәмелет жасына толмаған 70 қыз ана атанған.
«Бұл жоба 17 қаланы қамтиды. 26 «Аналар үйі» бар. 2013 жылдың мамыр айынан бастап, 1211 балаға көмек көрсеттік. Осы жерде бір жыл асыраймыз. Егер жағдайы ауыр болса, уақыты созыла береді.
Аналардың көбі жас. Сол үшін аптасына 2-3 күн арнайы мамандарды шақыртып, түрлі кәсіпке оқытамыз. Бұл жерден баласының құжатын және арнайы мамандық алып шығады», дейді «Ана үйі» қоғамдық қорының жетекшісі Надия Боранбаева.
Түрлі себептермен асыраушысынан айырылған, қараушысы жоқ сәбилерге пана болу үшін құрылған үйлер туралы тілші Қайырхан Мәуленнің зерттеуін «Таңшолпаннан» көріңіз.