Бүгін - қазақтың жезкиік ақыны Кәкімбек Салықовтың дүниеге келген күні. Ол - талантымен күллі қазақты тәнті етіп, ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізде айрықша із қалдырған тұлға.
Кәкімбек Салықов - Біржан сал, Ақан сері мен Үкілі Ыбырайдың жолын жалғаған бірегей дарын иесі.
Ақынның «Дала», «Қырандар», «Тәттімбет», «Домбыра», «Кенесарының соңғы сөзі» секілді поэмалары - қазақ поэзиясындағы шоқтығы биік туындылар қатарында.
Ақынның жыр жинақтары бірқатар әлем тілдеріне аударылған. Шет тілінен аударылған тәржімалары да жоғары бағаланды. Өмірден өткенше өлеңі мен өнерін халқына аманат етуді парыз санаған қаламгер туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.