Жапония Иранға санкция салмайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония Иранға санкция салмайтын болды

22.01.2016
Жапония Иранға санкция салмайтын болды

Жапония Үкіметі Тегеранның ядролық бағдарлама бойынша келісім талаптарын орындай бастаған соң, Иранға санкция салудан бас тартты. Бұл туралы Жапония Сыртқы істер министрі Фумио Кисида мәлім етті. 

Ал, осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Жапонияның Иран санкциялардан босатылғаннан кейін осы елмен жұмыс істейтін компанияларға қолдау көрсететінін айтқан болатын. Енді, Жапония Ираннан мұнай сатып алуға және үлкен Иран нарығына автобомильдер экспорттауға мүдделі болып отыр.  

16 қаңтардан бастап, БҰҰ, АҚШ, ЕО елдері Иранның ядролық бағдарламасымен байланысты осы елге қатысты  экономикалық және қаржылық шектеулерді алып тастады.  Шектеулер Халықаралық атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің  Тегеранның өз міндеттемелерін орындап жатқанын растаған соң алынды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

 

Хабарламаларға жазылу