Алматы жастары Қазақстан халқына үндеу жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы жастары Қазақстан халқына үндеу жариялады

22.01.2016
Алматы жастары Қазақстан халқына үндеу жариялады

Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Форумға Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жарасым» жастар қанаты, Алматы қалалық филиалының «Жас Отан» жастар комитеті, «Еріктілер лигасы» жастар қозғалысы, G38, Алматы қаласы студенттер альянсы, «Сұнқар» студенттер кәсіподағы,  «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары, Қыздар университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰАУ, «Тұран» университеті және тағы да басқа ЖОО-ның белсенді студенттері, 38 студенттік және жастар ұйымдарының көшбасшылары мен белсенді мүшелері қатысты.

Жиынды ашқан Қыздар университетінің ректоры Динар Нөкетаева Елбасы үндеуінің мәніне тоқталып өтіп, Жаңа Қазақстанның жасампаз жастарын сайлауды қолдауға шақырды.

Сонымен қатар, форум аясында Алматы қаласының жастары мен студенттік ұйымдарының өкілдері Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімді қолдайтындығы жөнінде үндеу жариялап, барша қазақстандық жастарды сайлауды қолдауға шақырды.

Хабарламаларға жазылу