Халықты жиырма бес жылдан бері әсем әніне бөлеп келе жатқан Жанар Айжанова жуырда Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап «Тарихы тасқа жазылған» атты жеке концертін өткізген болатын.
Кештің тақырыбы турасында әнші: «Мен осы концертімді қандай айдардың аясында өткізсем екен деп, «тоғыз ай толғаттым». Әуелде «Әсем әнім – сіздерге» деп атағым келген. Бірақ, байқасам, оным тым қарапайым болып кетеді екен. Сосын ойлана келе, «Тарихы тасқа жазылған» деген тақырыппен ерекше концерт өткізгім келді»,-дейді.
Репертуарындағы көпшілікке танымал әндермен қатар, өзінің авторлық әндері де орындалған кешті бүгін «Үздік әндерден» сағат 20:05-те тыңдаңыз!