Пойызбен жолға шыққанда қандай тағам алуға болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пойызбен жолға шыққанда қандай тағам алуға болады?

23.01.2016
Пойызбен жолға шыққанда қандай тағам алуға болады?

Вагон ресторанындағы тағамдар балалардың асқазынына зиян болса, жолдағы әжелерден қайнатылған картоптан басқа тағамды алу – өте қауіпті.

Алдын ала жуылып, арнайы контейнерге салынған көкөніс пен жемістер жол жүргенде алып шығуға ең дұрыс нұсқа. Балалар жолда банан жемісін жегені дұрыс. Біріншіден, банан табиғи «қабында» таза тұрса, екіншіден, банан – құнарлы әрі пайдалы тағам.

Дәм татуға тамаша тағы бір нұсқа ол - құрғақ жемістер. Тек қара өріктен абай болыңыздар, қара өріктің адамды әлсіретеді. Бәліштер, қатқан нан, күлшелер қауіпсіз және денсаулыққа зияны жоқ ас мәзірі. Сонымен қатар, бірнеше құты газдалмаған сусынды өзіңізбен бірге ала шығуды ұмытпаңыз.

Етсіз түскі ас іше алмайтын жандарға аздаған кептірілген шұжықты ала шығу кедергі келтірмейді. Сонымен қатар, консервідегі балық не ет өнімдері де қауіпсіз нұсқа болып есептеледі. Бірақ, олардың да сақталу мерзіміне назар аударғаныңыз абзал.

Хабарламаларға жазылу