Соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге төмендеді. 2015 жылы сырқаттану 11,9%-ға азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 58,5 пайызды құрады (2014 жылы – 66,4), өлім жағдайы 22,4 пайызға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 3,8 пайызды құрады (2014 жылы – 4,9), деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтары туберкулезді, сонымен бірге, оның дәрілерге төзімділігі бар түрлерін диагностикалауға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Республикада қажетті дәрілік заттардың көлемі жеткілікті дәрежеде.
2015 жылы алғашқы рет сезімтал туберкулезбен сырқаттанған адамдарды емдеу тиімділігі жақсарып, 2014 жылы 86,4 пайыз болған көрсеткіш 87,6% пайызды құрады (ДДҰ стандарты– 85%).
2015 жылдың нәтижесі бойынша сырқаттанған адамдарды туберкулезге дәрілік төзімділігі көп екінші қатардағы препараттармен қамтамасыз ету азаматтық секторда 99,4 пайызды, пенитенциарлық секторда – 98 пайызды (ДДҰ стандарты – 85%) құрады. Сырқаттанған адамдарды туберкулезге дәрілік төзімділігі кең үшінші қатардағы препараттармен қамтамасыз ету азаматтық секторда 99,8 пайыз (ДДҰ стандарты– 85%) болды.