Аяқ киіміңіз ыңғайлы әрі сәнді болғаны жақсы. Сонда өзіңізді кез келген ортада еркін сезіне аласыз. Сән жағын ретке келтіру қиындық тудырмайды. Ал, табаны сыр бермейтін аяқ киімді қалай таңдауға болады?
Маман кеңесі:
«Жазғы аяқ киімді таңдау барысында табаны резеңке аяқ киімге назар аударған жөн. Жаздың аптап ыстығында құрамында каучук бар аяқ киім ериді. Ал, қыстық аяқ киімдер каучук пен резеңкенің қосындысынан жасалады. Себебі, бұл резеңкенің жарылуына мүмкіндік бермейді».
Аяқ киімнің дұрыс таңдалмауы түрлі ауруларға шалдықтыруы ғажап емес. Сондықтан, қыс мезгілінде аяқ тоңбасын десеңіз, сапалы етік таңдаған дұрыс.
Маман кеңесі:
«Алдымен, аяқ киімнің сыртқы және ішкі материалын ажыратып алу керек. Көбіне, аяқ киімдердің сыртына табиғи былғары қолданылғанымен, ішкі бөлігі сапасыз болып шығады. Жасанды былғары мен табиғи былғарыны қалай ажыратуға болатынын білмесеңіз, назар салыңыз, жасанды былғары жылтыр келеді».
Ал, аяқ киімге күтім қалай жасалатыны туралы білгіңіз келсе, «Таңшолпанды» көріңіз.