Қытайдан антициклон арқылы келген суық ауа райы Тайландқа жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдан антициклон арқылы келген суық ауа райы Тайландқа жетті

27.01.2016
Қытайдан антициклон арқылы келген суық ауа райы  Тайландқа жетті

Суықтың салдарынан әсіресе солтүстік және орталық провинциялардың тұрғындары зардап шегіп отыр. Олардың басым бөлігі ұстамалы аурулармен науқастанған болғандықтан көпшілігінің денсаулығы ауа райының күрт өзгеруін көтере алмаған.

Тайланд субэкваториалды аймақта орналасқан мемлекет. Бұл елдің тұрғындарының үйлері мұндай табиғи жағдайларға лайықталмаған.

Тайландтың солтүстігінде түніне қарай сынап бағаны -1, -2 градусқа дейін төмендейді. Ал, кейбір таулы аймақтарда одан да төмен болып жатыр. Бангкок қаласында ауа температурасы 16 градусқа дейін төмендейді де күндіз 20 градус ыстық болады.  Суыққа бойлары үйренбеген Тайланд халқы көшенің ортасында немесе ғимараттың ішінде алау жағып, жылынуға тырысып бағуда. Қазір көптеген мектептерде алау үйреншікті жағдайға айналған. Олар отты темірден жасалған заттарға жағады да түтін терезе арқылы шығып жатыр. Бұл елдегі мектептердің көбінде  терезе жоқ.      

2014 жылы Тайландта ұзаққа созылған суық ауа райы 63 адамның өмірлерімен қош айтысуларына себепші болды. Ол уақытта солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарда түнгі мезгілде ауа температурасы бірнеше апта бойы 4 градустан төмен болып тұрды. Бангкокта ең суық кез 1975 жылы тіркелген. Ол уақытта сынап бағаны -10 градусқа дейін түсті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.     

Хабарламаларға жазылу