Естелік монеталар қалай шығарылады? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Естелік монеталар қалай шығарылады? (ВИДЕО)

28.01.2016
Естелік монеталар қалай шығарылады? (ВИДЕО)

Ұлттық банктің естелік монеталарында халқымыздың тарихына, мәдениеті мен өнеріне, ұлы тұлғаларына қатысты композициялар бейнеленеді. Олар таза алтын мен күмістен жасалады. Сырты арнайы орағыштармен қапталады. Себебі, қолдан қолға өткенде материалға зақым келмеуі керек. Естелік монетаға мемлекеттік және ағылшын тілінде жазу жазылады.

ҚР Ұлттық банкінің бас дизайнері Алмат Бәсенов: «Біріншіден, монетаның дизайны әдемі болуы керек. Көрген жанға түсінікті болғаны жөн. Яғни, сол монета тарихи оқиғадан мәлімет беріп тұруы қажет. Сосын сапалы болғаны дұрыс. Біз осыған қатты назар аударамыз. Бір айта кетерлігі, бізде шыққан монеталар  әлем бойынша өте жоғары сапалы монеталардың қатарына кіреді. Көптеген халықаралық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанды»,-дейді.

Естелік монеталар шығарарда тарихи оқиғаның маңызы, тұлғаның танымалдылығы, мерейтойлардың мәртебесі ескеріледі. Осыған байланысты шақалардың тиражы бекітіледі. Естелік шақалар ұлттық нақышта жасалады.

Мұндағы мақсат – шетел ааматтарына халқымыздың тарихы мен мұрасын таныту.

 

Хабарламаларға жазылу