Мұнай өндіруді азайту жөніндегі Ресей - Сауд келісімі іске аспауы мүмкін. Неліктен? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай өндіруді азайту жөніндегі Ресей - Сауд келісімі іске аспауы мүмкін. Неліктен?

28.01.2016
Мұнай өндіруді азайту жөніндегі Ресей - Сауд келісімі іске аспауы мүмкін. Неліктен?

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) Бас хатшысы  Абдалла Салем Эль-Бадри барлық өндіруші елдерді мұнай бағасын көтеруге қадам жасауға шақырды. Дүйсенбі күні «бұл істі ОПЕК-ке кіретін және одан тыс жатқан елдердің бірге шешетін мәселесі деп қарастыруымыз керек»,- деді Абдалла Салем Эль-Бадри.

Ирак мұнай министрі сейсенбі күні әлемнің ең улкен экспорттаушы елдері Сауд Арабиясы мен Ресейді «барынша икемді» болуға шақырды.

Сауд Арабиясының  нарықтағы үлесін мейлінше қорғауы, Ресейдің қыс айларындағы өндірісті қысқарта алмауы көп жылдан бері кедергі болып отыр. Сарапшылар мұны мәселені шешетін нақты қадам емес, тек әлсіреген мемлекеттердің үміті ғана деп қабылдайды.

Екі елдің Сирияға көзқарасы екі түрлі болғандықтан, мұнда тағы бір дипломатиялық кедергі пайда болды. Себебі, Ресей,  Президент Башар әл-Асадтың одақтасы, ал Сауд Арабиясы оның кетуін қалайды.

«Бұл мәміле орындалмайды. Барлығы тек меңзеу, тұспалдаумен айналысып жүр. Сауд Арабиясы Ресейсіз келіспейді. Ресей тарапы келісім бермейінше, мәміленің орын алуына сенбеймін»,- деген болатын Камел әл-Харами, тәуелсіз мұнай сарапашысы және мемлекеттік Kuwait Petroleum Corp.-тың бұрынғы Атқарушы директоры.

Мұнай өндіруді азайту жөніндегі Ресей - Сауд келісімі іске аспауы мүмкін. Неліктен?

Эр-Риядта мемлекеттік мұнай компаниясының басшысы Амин Насер сейсенбі күні өнеркәсіп конференциясында мұнай бағасының сауығуын көру үшін 2016 жылдың соңын күтейік деген еді. Ал Ресей Премьер-Министрінің орынбасары Аркадий Дворкович Мәскеуде Ресейдің өндірісті тіпті мұнайдың қазіргі бағасымен де бір қалыпта ұстай алатындығын баяндаған.

Бұл сөздер Ирак Мұнай министрі Адель Абдул Махдидің еш негізсіз айтқан сөзімен қиыспайтын еді.

ОПЕК және бәсекелес өндірушілердің мұнай өндіруін қысқартуы әзірше елес сияқты, себебі, әр ел ең алдымен нарықтағы өз үлесін ұстап қалғысы келеді.  Өндірісті қысқарту мәселесін Венесуэла бірнеше рет көтерген болатын, алайда басқалар бұл ұсынысты қабылдамады.

Дүйсенбі күні Лондонда Эль-Бадри «Барлық ірі өндірушілердің жиналып, бұл мәселені шешуге тырысуы өте маңызды  қадам болуы мүмкін»– деді.

 

Сілтеме:

http://www.bloomberg.com/news/articles/2016-01-26/why-a-russian-saudi-deal-on-cutting-oil-output-remains-elusive

Хабарламаларға жазылу