2021 жылға қарай елімізде мұнай өндіру жылына 92 миллион тоннаны құрайтын болады - Мемлекет басшысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2021 жылға қарай елімізде мұнай өндіру жылына 92 миллион тоннаны құрайтын болады - Мемлекет басшысы

29.01.2016
2021 жылға қарай елімізде мұнай өндіру жылына 92 миллион тоннаны құрайтын болады - Мемлекет басшысы

«2021 жылға қарай елімізде мұнай өндіру жылына 92 миллион тоннаны құрайтын болады. Мұнай және газ өнімдері нарығын ырықтандыруды жүргізіп, мұнай өңдеу кәсіпорындарының коммерциялық функцияларын қайтару қажет».

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде Елбасы осылай деді.

Сондай-ақ, Үкіметке 2018 жылы ішкі нарықты отандық жанар-жағармай және газбен толық қамтамасыз етуді тапсырды. 

Мемлекет басшысы жиында Астанада үш ғылыми-технологиялық кластерді дамытудың да аса маңызды екенін атап өтті. Ол – жоғары технологиялар кластері, биомедициналық және геологилық кластер.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы төрағалығымен өтіп жатқан шараға екі мыңға жуық делегат қатысуда.

Хабарламаларға жазылу