Қытай азаматы 22 нәресте сатқаны үшін өлім жазасына кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай азаматы 22 нәресте сатқаны үшін өлім жазасына кесілді

29.01.2016
Қытай азаматы 22 нәресте сатқаны үшін өлім жазасына кесілді

Қытайлық Тань Юнчжи өзінің сыбайластарымен бірге балаларды ұрлап, сату бизнесін ұйымдастырған. Балаларды олар елдің оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясынан ұрлап, Орталық Қытайдағы Хэнань провинциясына сататын болған. 2008 бен 2013 жылдар аралығында, қылмыстық топ барлығы 22 нәрестені қолды еткен.     

Қылмыстық топтың басшысы өлім жазасына кесіліп, оның мүлкі түгелдей тәркіленді. Ал, оның сыбайластары кейінгі өмірлерін қамауда өткізеді. 

Қытайда нәресте саудасы тиімді бизнес. Осы уақытта бұл елде бала ұрлаумен қатар оларды делдалдар арқылы сату да кең қанат жайған.  Әдетте, өздерінің балаларын кедей адамдар сатады. Олар бала сату арқылы өздерінің материалдық жағдайларын оңалтып, балаларының саны белгіленген мөлшерден асып кеткені үшін салынатын салықтан жалтаруды көздейді. Балаларды сатып алушылар әдетте бақуатты тұратын, алайда, балалары жоқ отбасының мүшелері. Бұл саудада ер балалар жоғары бағаланады.  Олардың құны 6 мың долларға дейін барады. Ал, қыздардікі одан арзандау.  

2010 жылы Жоғарғы сот, прокуратура мен Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің бірлескен қимылдарының нәтижесінде нәрестелер мен жасөспірімдер ұрлығымен күрес жоспары бекітіліп, қылмыстық жағдай біршама оңала түскен. 2012 жылы бала ұрлығымен байланысты қытай соттарына 1918 іс түскен болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 853 болды, деп жазады lenta.ru.

Хабарламаларға жазылу