Абай заманынан бері талай уақыт өтсе де, оның шығармашылығындағы түйген ойлары бүгінде өзектілігін жойған жоқ. Қараша айында Алматыда қазақтың бас ақынының 170 жылдығына орай «Абайды сағыну» атты музыкалық-поэтикалық кеш өткен еді.
Кеш бойы сахнада ақынның Бибігүл Төлегенова, Мақсат Мақұлбеков, Еркін Шүкіман, Фархат Көбеев, Дулат Тоқанов, Әбілахат Еспаев, Шахизада, Рамазан Стамғазиевтың орындауындағы әндері шырқалды.
Әншілерге Данияр Байжұманов, Мүслім Әмзе, Тілеулес Кұрманғалиев пен Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы, Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі сүйемелдеу жасады.
Сол кештің телевизиялық нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:15-те көре аласыздар.