Кей көне халықтар допты қамыстан өріп жасаса, кейбірі тері ішіне құс қауырсынын нығыздап салып жасаған. Уақыт өте келе гректер мен римдіктерге ауаны қолдану қажет деген ойға келген. Олар допты ауа арқылы үрлеп алғашында лақтырып ойнаса, кейіннен футбол және т.б ойын түрлерін ойнаған.
Допты жасауда әр халық түрлі материалдар қолданған. Мысалы, солтүстікамерикандық үнділер аңшылықпен айналысқандықтан допты бұғының терісінен жасаған.
Жапондық балалар тығыз матадан жасалған доппен ойнаған. Х.Колумб саяхат кезінде Орталық Америкада қатты доппен ойнаған үнділерді көрген. Ол осы доптарды Еуропаға апарып, еуропалықтарға алғаш болып таныстырған. Ал, түрлі ойындарда допты ең алғаш болып Египиттіктер пайдаланған.