«BOSIFEST» - мүмкіндігі шектеулі адамдар туралы және олардың қатысуымен түсірілген фильмдердің халықаралық фестивалі. Шара биылғы жылы 1-3 маусым аралығында Сербия астанасы Белград қаласында өтеді.
Фестиваль ұраны - «Шығармашылық күші». Тақырыбы: «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірі мен қызметі».
Байқауға соңғы 5 жылда түсірілген серб немесе ағылшын тіліндегі деректі және көркем фильмдер қабылданады. Өзге тілдегі фильмдер ағылшын тіліндегі субтитрмен болуы қажет.
Өтініштер 2016 жылдың 5 сәуіріне дейін қабылданады, деп хабарлайды ijnet.org.