Жұмыртқаны ұзақ сақтау жолдарын біле жүріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыртқаны ұзақ сақтау жолдарын біле жүріңіз

31.01.2016
Жұмыртқаны ұзақ сақтау жолдарын біле жүріңіз

Әуелі шығу уақытына мән беріңіз, жаңа жұмыртқа 0-20 градус температурада 25 күнге дейін сақталса, нөлден -2 градус температурада 90 күнге дейін сақталады.

Кей кездері мерекенің алдында жұмырқаны қайнатып қоятын кездеріміз болады. Ондай жағдайда жұмыртқаның сақталу мерзімі екі аптадан аспағаны жөн. Ол неғұрлым жаңа болса, соғұрлым құнарлы болады. Сол себепті жұмыртқаны ұзақ сақтамағаныңыз абзал.

Жуып алуды ұмытпаңыз, ол сальмонеллезбен ауырып қалу жиілігін төмендетеді.

Жұмыртқаның жаңа-ескі екендігін үй жағдайында әртүрлі амалдар арқылы анықтауға болады. Ол үшін күндізгі жарықтың қуатты лампасы керек. 100 ВТ-тығын алғаныңыз дұрыс. Бар керегі, жұмыртқаға жарықты түсіріп, қалың қабатындағы ауа қабықшасының мөлшерін көру керек. Жұмыртқа қаншалықты көбірек сақталған болса, ауа қабықшасы соншалық үлкен болады. Егер оның көлемі сантиметрден асып кетсе, тұз бен судың көмегімен де тексеріп көріңіз. 3,5 пайыздық тұзды қоспа дайындап, оған жұмыртқаны салыңыз. Ол батпай судың бетінде жүзіп жүрсе, еш ойланбастан, оны лақтырып тастаңыз.

Диеталық жұмыртқаны 7 пайыздық қоспамен анықтауға болады. Егер оған жеті күн толмаса, суда оңай батып кетеді.

Сонымен қатар, араласып кеткен жұмыртқа да өзінің мерзімі өткендігін көрсетеді. Оның сарысы дәл ортасында орналасуы керек.

Ішінде қан түстес кішкене бөлшегі бар немесе түсі өзгерген жұмыртқаны да қолданудан аулақ болыңыз. Сапалы жұмыртқада мұндай келеңсіздіктер болмауы тиіс.

Хабарламаларға жазылу