Бұл туралы lenta.ru агенттігі оңтүстікамерикандық мемлекеттің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
«Вирусты жұқтырған адамдар саны 193 муниципалитетте тіркелді, олардың 90-ы елдің орталық бөлігінде орналасқан. Тағы 40-ы Кариб теңізінің жағалауларында»,-делінген ведомствоның эпидемиологиялық бюллетенінде. Вирусты жұқтырушылар масалар болып отыр.
Қазіргі таңда Зика ауруы өңірдің 21 мемлекетінде тіркелген. Алғаш рет ол 1947 жылы Угандада анықталды. Алайда, ол осы уақытқа дейін адамдар үшін қауіпсіз болып саналып келген.